Коронавирустың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтаннан Парижге, Алматыдан Куала-Лумпур бағыттарына қатынайтын әуе рейстері 31-ші мамырға дейін тоқтатылды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан - Баку, Алматы – Гонконг және Мумбайға жоспарланған әуе қатынатарсы да уақытша тоқтатылды деп хабарлайды "Эйр Астана" әуе компаниясы. Аталған бағыттарға билет сатып алған жолаушыларға билеттің құны толықтай қайтарылады. Әуе компаниясы жолаушыларға сапарларын кейінге шегеруге кеңес береді.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ