Инвесторлар агросекторды қаржыландырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвесторлар агросекторды қаржыландырмақ

12.10.2017

Қытайлық инвесторлар Қазақстанның ауыл шаруашылығына 200 миллион доллар инвестиция тартпақ. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Агро инвест форумда»  белгілі болды. Бөлінген инвестицияға Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында лизингтік және майлы дақылдарды өңдеу орталықтары салынбақ. Бастысы, ауыл шаруашылық техникасын жаңартып, сала мамандарының біліктілігін арттыруға мүмкіндік ашылады.

Қазақстан мен Қытай азық-түлік қауымдастығы қазірде өзара тығыз байланыс орнатқан. Сондықтан, әріптестікті одан әрі дамыту үшін болашақта инвестиция көлемі еселеп артуы мүмкін, -  дейді мамандар. Оған бірден-бір себеп, Қытай  еліндегі Қазақстанның органикалық өнімдеріне деген жоғары сұраныс болып отыр.  

Кемелхан Әбілеков, «Қытай-Қазақстан азық-түлік индустрия кәсіпкерлері» қауымдастығының президенті:

- Біздің өніміміз Қытай нарығында өте үлкен сұраныста соған байланысты біздің әкелген инвестициямызға өндірілген өнім толық қытайлар жағынан сатылып алынады. Ол біздің «рынок cбыта» дейді ғой орысша. Жүз пайыз өндірілген өнім Қытай мемлекетіне сатылатын болады.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу