Жыл соңына дейін Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық тексерістерді 37,5 пайызға азайтпақшы. Бұл туралы Алматыда өткен жаңа Салық кодексін талқылауға арналған жиында айтылды. Мамандардың сөзінше, тексеру себептері де 56 пайызға кемиді. Жаңа заң бойынша салық төлеушілер үш санатқа жіктелмек. Ал, мүлде салық төлемейтін азаматтарға қатаң жаза қолданылады. Дегенмен, бұл ұсыныстар әлі де Парламент Мәжілісінің талқылауында жатыр. Ал, жаңа кодекс қабылданғанға дейін орта бизнес өкілдеріне жеңілдік беретін бірнеше өзгеріс енгізілуі мүмкін.
Ардақ Теңгебаев, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы:
- Бұл жаңа Салық кодексінің ең негізгі принциптері ол салық төлеуші мен салық органдарының серіктестік қатынасқа келулеріне мүмкіндік береді деп есептеймін.
Амангелді СЕЙІТХАН