Президент құжат айналымын толықтай электронды форматқа ауыстыруды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент құжат айналымын толықтай электронды форматқа ауыстыруды тапсырды

05.03.2020

Қазақстанда құжат айналымын жаппай электрондық форматқа ауыстыруға барлық мүмкіндіктер бар. Ең бастысы бұл ережеге мемлекеттік органдар тарапынан ынта мен қызығушылық қажет. Отандық IT саланың мамандары осындай ортақ ой айтуда. Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қағаз тасымалдауды доғарып, электронды құжат айналымын арттыруды тапсырған.

Қазақстанда қазір 16 министрлік бар. Соның әрқайсысы жыл сайын А 4 пішініндегі қағаз сатып алуға бюджеттен орташа есеппен 6-7 миллион теңгеге дейін қаржы жұмсайды екен. Дегенмен, биылдан бастап 1 ғана министрлік 100 пайыз электронды құжат алмасуды енгізіпті. Ол осы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Қазір электрондық құжаттар қабылданғанымен қағаз жүзіндегі нұсқасы қатар жүреді. Мемлекет басшысы мұның дұрыс еместігін айтты. Сондықтан Үкіметке цифрлық технологияның барлық мүмкіндігін пайдалана отырып, құжат айналымын толықтай электронды форматқа ауыстыруды тапсырды.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу