Мәжіліс депутаттары Экологиялық кодексті талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Экологиялық кодексті талқылады

05.03.2020

Қазір Экологиялық кодекс төңірегінде тартыс тыйылмай тұр. Заң жобасын талқылауға қатысып жатқан кәсіпкерлер, ауаны ластаушыларға салынатын айыппұлдың көлемі тым көп екенін айтады.

Құжат ауаны ластап жатқан кәсіпкерлерге ұнамай отыр. Өйткені олар үшін айыппұлды 10 есе арттыру көзделген. Әрі қою түтін будақтайтын мұржаларына сүзгі орнатуға міндеттелмек. Талапты орындамаса салық, яғни эмиссия мөлшері алдымен 2 есе, егер тәртіпке бағынбаса, 8 есеге дейін арттады.

Қалтасының қамын ойлаған кәсіпкерлер Кодекс осы күйінде қабылданса, банкрот боламыз деп отыр. Ал осы кезде жағдай жыл өткен сайын ушығып барады. Әсіресе Атырау, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған қалалары өте лас. Тіпті бірнеше ай бұрын Теміртауға «қара қар» жауғаны есте. Сондықтан ауаны ластайтындармен қатаң күресті қазірден бастау қажет.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу