Мәселені жұмыста отырып емес, оқиға орнына барып шешу керек. Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс, Маслихат депутаттары мен партия басшылығына жергілікті жерлерді аралап, шалғай аудандарға бару керектігін айтты. Бүгін Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтті. Тұңғыш Президент партия жұмысын жандандыру бағдарламасы мен «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» атты әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына оң баға берді. Дегенмен, партияның өңірлердегі жұмысына ерекше назар аудару керектігін айтты. Тұрғындармен кездесіп, проблемаларын жан-жақты зерделеу қажет екенін айтты. Сонымен қатар, Бюро отырысында партияның жаңа форматта ішкі іріктеуін – праймериз өткізу туралы шешім қабылданды. Ол 30 наурыз бен 16 мамыр аралығында елдің барлық өңірлерінде өтеді. Әрі партияның 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы бекітілді.
Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ