Елімізде тұңғыш рет Арнайы экономикалық аймақтардың форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тұңғыш рет Арнайы экономикалық аймақтардың форумы өтті

09.10.2017

Халықаралық жиында ел экономикасына инвесторларды тартудың тиімді жолдары қарастырылады. Форумның нәтижесінде бірнеше келісімге қол қойылады деп күтілуде. Айта кетейік, еліміз бойынша 10 арнайы экономикалық аймақ бар. Қазірдің өзінде 160-қа жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Оның 20 пайызы шетелдік жобалар. Инвесторлардың Ақтау, Құрық, Атырау теңіз порттарына қызығушылығы жоғары.

 Біржан Қанешев, «Kazakh Іnvest» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Он екі елден инвесторлар келді. Экономикалық аймақтардың ұсынған жеңілдіктері өте тартымды. Көп жобалар келіп жатыр. Сегіз салаға келіп жатыр. Бүгін 5-6 контрактіге қол қойылады. Бәрі жүйеге келтіріледі.

 

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу