Бұл - Алматыдағы ғылым ордасында бас қосқан ғалымдардің пікірі. Себебі, бүгінге дейін, әсіресе, кеңес заманында Абай қазақ қоғамының мұң-зарын айтқан ақын ретінде ғана танылса, әл-Фараби мұрасы өз деңгейінде насихатталмады.
Ал егемендік алғаннан бері ойшылдарды терең зерттеу ісі бір жолға қойылды. Оларды өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау үшін еңбектерін талдап, тек ғылыми негізде емес, ұғынықты тілмен жалпыға бірдей жеткізу жағы ақсап тұр.
Әлемнің екінші ұстазы мен қазақтың бас ақынын оқумен ғана шектелмей, астарына үңілу қажет. Ал бұл бастамаға зиялылардан бөлек барлық сала үн қосуы тиіс. Себебі, ойшылдардың ойларында тұлға қалыптастырудың, әсіресе, адамның рухани дамуының бүкіл тұжырымдамасы жатыр дейді ғалымдар.
Алмат ӘБДІРАМАН