Отандық көліктер экспортталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық көліктер экспортталады

05.03.2020
Отандық көліктер экспортталады

Семей автокөлік құрастыру зауытында жасалатын отандық көліктерге өзге мемлекеттерден сұраныс артып келеді. Кәсіпорын тракторлар, жүк көліктері мен «Газель» шағын автобустарын шығарады. Сондай-ақ «DAEWOO» маркалы автобустарының бірнеше түрін құрастырады. Қазір осы қоғамдық көлік түріне тапсырыс көбейген. Былтыр жергілікті әкімшілік, осы зауыттан 170 автобус сатып алған. Одан бөлек еліміздің өзге де қалаларына сатып жатыр. Биыл зауытта 450 автобус құрастыру жоспарланған. Оның тең жартысы Моңғолия мемлекетіне жөнелтілмек.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу