7 мың ескі көлік қайта өңделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 мың ескі көлік қайта өңделді

05.03.2020

Қарағандыдағы ескі көліктерді кәдеге жарататын зауыт жыл басынан бері 7 мың машинаны қайта өңдеген. Тәулігіне 200 көлікті ұнтақтап, қара және түсті металлдан өзге де шикізат ажыратады. Содан кейін балқыту цехына жібереді. Ел ішінде тозығы жеткен темір тұлпарлар өте көп. Сондықтан, зауыт жұмысы қарқынды, жұмысшылары үш ауысыммен істейді. Облыс төңірегінде 18 қабылдау бекеті бар. Көліктерді 150 мың теңгеге сатып алады. Бастысы тапсыратын көлік зауыт талаптарына сай болуы қажет. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу