Алматыда мас жүргізушінің кесірінен әйел адам екі аяғынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мас жүргізушінің кесірінен әйел адам екі аяғынан айырылды

05.03.2020
Алматыда мас жүргізушінің кесірінен әйел адам екі аяғынан айырылды

Алматыда мас жүргізуші аялдамада тұрған әйелді қағып кетті. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқиға бүгін таңғы 07:00 кезінде Мақатаев және Чайковский көшелерінің қиылысында болған. Мас болған Ford Transit көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасында 61 жастағы әйелді соққан. Апат салдарынан әйел адам екі аяғынан айырылды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Хабарламаларға жазылу