Қытайдан жеміс-жидек импорттау уақытша тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан жеміс-жидек импорттау уақытша тоқтатылды

05.03.2020
Қытайдан жеміс-жидек импорттау уақытша тоқтатылды

2 наурыздан бастап Қытайдан сүйекті, шекілдеуікті және цитрусты дақылдарды алып келуге уақытша тыйым салды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аталған тыйымды енгізуге Қытайдан Қазақстан аумағына кіргізілетін өнімдерде «карантиндік объектілердің» жүйелі түрде анықталуы негіз болған. 

«Фитосанитарлық шаралар жөніндегі Халықаралық стандарттың ережелеріне сәйкес ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ҚХР-ның Бас кеден басқармасының атына карантинге жатқызылған өнімді алып келу кезінде халықаралық және бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы туралы нотификация жолдады. ҚХР карантиндік қызметі ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті жолдаған ресми хабарламаны қарастырып, әрекет ету шараларын күшейтуді ұсынды. Атап айтқанда, Қытай тарапы жүйелі сипатта болған бұзушылықтар жекелеген жеміс-жидек бақшаларының карантиндік объектілерге қарсы алдын алу шараларын жүргізбеулеріне байланысты екенін анықтады», - делінген хабарламада. 

2019 жылы Қазақстан аумағына Қытайдан карантинге жатқызылған өнімді алып кіруге қатысты 52 бұзушылық анықталған. Осылайша өнім (12 мың тауар бірлігі) кері қайтарылған. Сонымен қатар 2 млн теңгеге 27 айыппұл салынды.


Хабарламаларға жазылу