Үстірт мемлекеттік қорығында тағы да қабылан фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінң Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Бұл жолы біздің мамандар барынша сапалы кадр жасай алды», - дейді ол.
Фототұзаққа ілінген қабылан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.