Дәрігерлер вирусқа қарсы тұрудың оңай жолдарын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер вирусқа қарсы тұрудың оңай жолдарын ұсынды

04.03.2020

Дәрігерлер вирусқа қарсы тұрудың оңай жолдарын ұсынды. Мамандардың сөзінше, ең негізгісі жеке гигиенаны сақтау. Соның ішінде қолды жиі жуу керек. Өйткені бактерия қолға көп жиналады. Сондай-ақ маман тамақтану тәртібін ерекше ескеру керектігін айтады. Әсіресе, дәруменді тағамдарды көп тұтынып, теңіз тағамдарынан бас тартқан жөн. Ал жеміс-жидектерді қайнаған немесе жылы суға жуып жеу қажет.  

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу