Әлемді әбігерге салған осы коронавирусқа қарсы вакцина 1,5 жылдан кейін бірақ шығуы мүмкін. АҚШ денсаулық сақтау мамандары президент Дональд Трамппен кездесуде осылай деді. Ғалымдардың сөзінше, препаратты дайындаудан гөрі, оны сынақтан өткізуге көп уақыт кетеді. Елде белең алып бара жатқан инфекциядан 9 науқас көз жұмып, оны жұқтырғандар 100-ден асты. Вирус халық тығыз қоныстанған Нью-Йорк қаласында да анықталып отыр.
Ал, Оңтүстік Кореяда жұқпалы дертке 5 мыңнан астам адам шалдығып, 32-сі қайтыс болды. Эпидемия өршіген сайын, халық маска таппай әлек. Дәріханаларда ұзын-сонар кезек.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ