Велошабандоздар Лондондағы нәтижені қайталауға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Велошабандоздар Лондондағы нәтижені қайталауға ниетті

04.03.2020

Токио Олимпиадасында отандық велошабандоздар Лондондағы нәтижені қайталауға ниетті. Тұманды альбионда жерлесіміз Александр Винокуров алтын алғаны ел есінде. Қазіргі таңда біздің спортшылар 3 жолдамаға ие. Ұлттық құрамаға негізінен «Astana Pro team» командасының мүшелері кіреді. Қазір велоспортшылар кәрі құрлықта жаттығып, дайындықтарын пысықтап жатыр. Ұлттық құраманың сапында әлем, Азия чемпионаттарының жеңімпаздары бар. Жанкүйерлер әсіресе жас спортшы Алексей Луценкодан жүлде күтеді. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу