Биылдан бастап елімізде кәсіпкерлерден қайта өңдеу төлемі алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылдан бастап елімізде кәсіпкерлерден қайта өңдеу төлемі алынады

03.03.2020

Биылдан бастап елімізде кәсіпкерлерден қайта өңдеу төлемі алына бастады. Яғни өндірген затының әр келісі үшін ақы төлейді. Осылайша, пластик, металл, шыны, құты, қаптамасын қайта кәдеге жаратуға үлес қосуға міндетті. Себебі бұдан былай қатты қалдықтарды көмуге тиым салынып отыр. «Жасыл» экономика тұжырымдамасын орындаудағы бір талап осы. 

Ел аумағы полигонға толы. 3 жарым мың қоқыс алаңы бар. Бірақ, оның 17%-ы ғана экологиялық әрі санитарлық талапқа сай. Сондықтан мыңдаған тонна қатты қалдық тасталған күйі жатыр. 

Мұнда күнбе-күн Елорда аумағынан мың тонна қоқыс тасылады. Бұл 100 жүк көлігіне пара-пар. Содан қайта өңделетіні тек 10%. Зауытқа шикізат қоймалжың күйінде жетеді. Осы ретте халық қоқысты сұрыптап тастау мәдениетін меңгерсе деген тілегін айтады жұмысшылар. 

Жинақ экологиялық ахуалды жақсарту жолындағы жобаларға жұмсалады. Алайда, жаңа талап енгізілгелі екі ай өтсе де жиналған қаржы 30 мың теңге ғана. Бірақ, мамандар экологиялық алым процесі енді жанданады деп отыр.  

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу