6 жасқа дейінгі 600 мың балаға әлеуметтік көмектің жаңа түрі қарастырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6 жасқа дейінгі 600 мың балаға әлеуметтік көмектің жаңа түрі қарастырылған

03.03.2020

Қазақстанда кепілдендірілген әлеуметтік көмек көрсетіле бастады. Бүгін елдің бірқатар өңірінде 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтығы жеткізілді. Қолдаудың жаңа түрі жәрдемақының ақшасын кемітпейді деп отыр мамандар. 

Ал, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін мектепте ыстық тамақ тегін. Жылына бір рет киім-кешек пен оқу құралдары беріледі. Тізімде мектеп формасы, жейде мен жылы желет, аяқ киім бар. Жол жүру шығындарының 50% мемлекет есебінен өтеледі. Әрі тегін медициналық қызмет көрсетіледі. Бірақ бұл қолдау атаулы әлеуметтік көмекке әсер етпейді.

Әлеуметтік қолдаудың бұл түріне қазынадан 42 миллиард теңге бөлінген. Игілігін 600 мың бала көрмек. Бүгін елдің 10 өңіріндегі үлестіру жұмысы аяқталды. Қалған аймақтар да осы аптаның соңына дейін толық қамтылады.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу