Бетперде сатуды бизнес көзіне айналдырып жүргендер бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бетперде сатуды бизнес көзіне айналдырып жүргендер бар

03.03.2020

Маска сатамыз. Дәріханадан таппай жүрген бетперденің сан түрі ғаламторда самсап тұр. Бірақ бағасы сіз ойлағандай арзан емес. 60 теңгеден басталып, 1500 теңге дейін барады. Бір ғана жарнама сайтының өзінде 50-ге жуық жария көруге болады. Интернет саудасы әсірсесе, Нұр-Сұлтан, Петропавл, Ақтөбе қалаларында қызған. Басым бөлігі Алматы қаласында. Кейбірі маска бизнесін көтерме сауда көзіне айналдырған. Біздің редакция солардың бірнешеуіне хабарласып көрген еді. Құжатсыз жұмыс істегендерін ашық айтты.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу