Токио Олимпиадасында садақшыларға артылар үміт көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио Олимпиадасында садақшыларға артылар үміт көп

03.03.2020
0:00:00
0:00:00

Токио Олимпиадасына ең бірінші болып жолдама алған садақшыларға артылар үміт көп. Соңғы әлем кубогында олар бірінші орын иеленіп, жаһанның үздік командаларынан басым түсті. Ал Олимпиада жолдамалары сарапқа салынған сайыста Риода жүлдегер атанған АҚШ құрамасын сан соқтырып кетті. Осылайша жерлестеріміз әлемдік рейтингте үздік алтылыққа енді. Төрт жылдықтың басты бәсекесіне біздің садақшылар 4 лицензия ұтып алды. Барлығы да Алматы облысының мергендері. Денис Ганькин, Санжар Мұсаев пен Ильфат Абдуллин жекелей және командалық жарыста бақтарын сынамақ.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу