«Астана» кәсіпқой спорт клубының экс-директоры қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» кәсіпқой спорт клубының экс-директоры қамауға алынды

03.03.2020

Аманбек Құлшықов 2 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеу мәліметіне сәйкес, Құлшықовқа ақшаны ұрлау үшін сыбайластары көмектескен. Яғни клубының құрамына кіретін «Астана motorsports» және «Астана pro team» командаларының басшылары Артур Ардавичус пен Ләззат Шәмшиева да спортты дамыту үшін бөлінген 2 миллиард теңгені жымқырған. Айта кетерлігі бұл қаржы «Самұрық-Қазына» компаниясынан демеушілік мақсатта 2016-2018 жылдары бөлінген. Ол ақшаны сыбайластар, «Dakar» сияқты көлік жарысы мен түрлі велосайыстарға, құрал-саймандарға қажет деген желеумен сұрап алған.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу