Коронавирус долларға қалай әсер етіп жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус долларға қалай әсер етіп жатыр?

03.03.2020
Коронавирус долларға қалай әсер етіп жатыр?

Коронавирустың Қытайдан тыс жерде таралуына байланысты туындаған қорқыныш сезімі инвесторлардың дамушы елдердің активтерінен шығуына себеп болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі Facebook-те жария етті.

ҚР Ұлттық банкі Сыртқы валюта нарығындаға бірқатар маңызды оқиғаларға талдау жасады. Талдауға сәйкес, әлемде АҚШ доллары дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреген. Коронавирустың Қытайдан тыс жерде таралуына байланысты туындаған қорқыныш салдарынан инвесторлар дамушы елдердің активтерінен шығып жатыр. 

«Италия, Оңтүстік Корея және Иран коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін хабарлады, ДДСҰ коронавирус індетінің қауіптілігін өте жоғары деңгейге көтерді. АҚШ федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл вирустың таралуы АҚШ-тың экономикалық өсуіне «тәуекелдерді туғызады» деді. Қажет болған жағдайда АҚШ Орталық банкі пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге дайын екендігін білдірді», - делінген Ұлттық банк хабарламасында. 

Бас қаржылық реттеуші осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне соқтырды деген пайым айтты.

Хабарламаларға жазылу