Эквадор түрмесінде тұтқындар өздері жасаған бассейнде сауық кешін ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эквадор түрмесінде тұтқындар өздері жасаған бассейнде сауық кешін ұйымдастырды

03.03.2020
Эквадор түрмесінде тұтқындар өздері жасаған бассейнде сауық кешін ұйымдастырды

Эквадордың Киота түрмесінде тұтқындар бассейнде сауық кешін ұйымдастырды. 

Noticias MVS радиостанциясының хабарлауынша, тұтқындар түрменің ауласындағы дренажды тесіктерді бұзып, ауланы суға толтырған. Осылайша аспан астында бассейн пайда болған. 

Бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Естеріңізге сала кетейік, 2 700 адам жазасын өтеп жатқан Тури түрмесінде 6 кісі өлімі орын алған.

Сондай-ақ, 2019 жылдың қазанында Портвьехо қаласындағы эквадор түрмесінен жазаланушылар жаппай қашып, полицейлер оның тек 50-ін ғана ұстай алған. 


Хабарламаларға жазылу