Елімізде 174 мыңнан астам азамат БЖЗҚ жинақтарын алуға асығар емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 174 мыңнан астам азамат БЖЗҚ жинақтарын алуға асығар емес

02.03.2020

Сенесіз бе? Елімізде 174 мыңнан астам адам зейнетақыларын алмай жүр. Оларға тиесілі 10,6 миллиард теңге қорда жатыр. Зейнеткерлердің көбі жиған-тергені бар екенін немесе төленбей жатқанын білмейді. Мұрагерлері болса, мұндай ақшаның төленетінінен мүлдем бейхабар. Неге?  

Елімізде зейнетақы екі төлемнен тұрады. Біріншісі мемлекеттік базалық төлем, екіншісі қордан аударылатын ақша. Пенсия деген осы екен деп пендешілікпен базалық төлемді ғана алып жүргендер бар. 

Зейнетінің бейнетін көре алмай кеткендердің мұрагерлері де көп. Былтыр оларға 210 миллиард теңге төленген. Араларында мұрасының мұртын бұзбай сақтап отырғандар да бар. 

Қордағы ақшасын іздеушілерге жиған-тергені 463 мың теңгеден аз болса, бір реттік төлем ретінде түгел төленеді. Ал 463 мыңнан көп болса, онда зейнетақының ең төменгі төлемі – 38636 теңгеден ай сайын базалық зейнетақыға қосылады.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК 


Хабарламаларға жазылу