Түркия мен Сирияның арасындағы қақтығыс ушығып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия мен Сирияның арасындағы қақтығыс ушығып барады

02.03.2020

Сирияда Түркия мен Асад күштерінің қақтығыстары өрши түсті. Анкара Идлиб провинциясындағы әскери операциясын күшейтіп, жексенбіде сириялық екі әскери ұшақты атып түсірді. Ал Сирияның үкімет күштері содырлар қарамағындағы Сарагеб қаласын басып алғанын айтуда. Дегенмен, қарсы тарап бұл мәлімдемені жоққа шығарып отыр. Өңірде 33 сарбазы мерт болған соң, Анкара шабуылдарды үдетіп, елдегі заңсыз мигранттарға енді тосқауыл болмайтынын айтып, оларды Еуропаға қоя берді.

Соның салдарынан Грекияда бірнеше күннен бері босқындар мен полиция қақтығысуда. Түркиядан ағылып жатқан мыңдаған адам ел қауіпсіздігіне қауіп төндіре бастады. Оларды тоқтату үшін шекарашылар көз жасаурататын газ бен суатқыштар қолдануға мәжбүр. Дегенмен, жақсы өмір іздеп, ел асқандар легі толастар емес. Бүгін Грекия жағалауына жетпек болған тағы бір топ мигрант қайығы аударылып, бір бала қаза тапты.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу