Короновирустың таралуын алдын алу үшін аймақтағы мәдени іс-шараларды қысқартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Короновирустың таралуын алдын алу үшін аймақтағы мәдени іс-шараларды қысқартты

02.03.2020

Маңғыстауда коронавирустық инфекцияның алдын-алу және оның таралуына жол бермеу үшін жабық ғимараттарда өтетін мәдени іс-шараларға шектеу қойылды. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға қызметкерлерді коронавирус тараған елдерге іс сапарға жібермеу тапсырылды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, қазір өңірдегі барлық медициналық ұйымдар мен мемлекеттік органдарда және кәсіпкерлік нысандарда санитарлық тазалық шаралары күшейтілді. Оларға ғимараттарды ауа тазартқыштармен, желдеткіштермен әрі дезинфекциялық құралдармен қамтып, залалсыздандыруға арналған антисептикалық заттармен жабдықтау тапсырылды.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу