Елбасы Алматы қаласының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Алматы қаласының әкімін қабылдады

02.03.2020

Алматының инвестициялық әлеуеті өте зор. Былтырмен салыстырғанда көрсеткіш 22 пайызға көбейіп, өсім 43,2 миллиард теңгеден асты. Шаһарда тұрғын үй құрылысы да қарқынды. Биылғы жылдың алғашқы айында 84,4 мың шаршы метр үй пайдалануға берілген. Бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қала әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Мегаполис басшысы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталып, олардың әрі қарай өсу перспективалары жайлы айтты.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу