Елордада Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған мерекелік концерт пен жиындар өтпейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай шешім қабылдады және оны твиттердегі парақшасында жариялады. «Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», - деді мемлекет басшысы.
Ербол МӘНДІБЕК