Ақордада Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордада Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтпейді

02.03.2020
Ақордада Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтпейді

Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурызға жоспарланған жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдады.

«Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қ. жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Хабарламаларға жазылу