Маңғыстауда мәдени іс-шараларға шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда мәдени іс-шараларға шектеу қойылды

02.03.2020

Маңғыстауда коронавирустық инфекцияның алдын алу және оның таралуына жол бермеу үшін жабық ғимараттарда өтетін мәдени іс-шараларға шектеу қойылды. 

Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға қызметкерлерді коронавирус тараған елдерге іс сапарға жібермеу тапсырылды. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, қазір өңірдегі барлық медициналық ұйымдары мен мемлекеттік органдарда және кәсіпкерлік нысандарда санитарлық тазалық шаралары күшейтілді. Оларға ғимараттарды ауа тазартқыштармен, желдеткіштермен әрі дезинфекциялық құралдармен қамтып, залалсыздандыруға арналған антисептикалық заттармен жабдықтау тапсырылды. 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу