Forbes тізіміндегі 10 миллиардер ақпанның соңғы аптасында 83,4 миллиард долларын жоғалтты. Нарықтағы дүрбелеңге коронавирустың әлемге таралуы себеп болған.
Әлемдегі ең бай адам Джефф Безос (Amazon) өткен аптада 14,1 млрд долларын жоғалтты;
Уоррен Баффеттің байлығы (Berkshire Hathaway) 9,8 млрд долларға азайды;
Ал Илон Масктің (Tesla) дәулеті 8,9 млрд долларға кеміді;
Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг 8,5 млрд долларынан айырылды;
Ларри Эллисон (Oracle) 7,7 млрд долларын жоғалтты;
Бернар Арноның капиталы (LVMH) 7,4 млрд долларға азайды;
Ларри Пейдж (Alphabet) 7,3 млрд долларынан қағылды;
Сергей Брин (Alphabet) 7 млрд долларынан айырылды;
Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтстің байлығы 6,6 млрд долларға төмендеді;
Амансио Ортега (Inditex) 6,1 миллиард доллар жоғалтты;
Коронавирустың өршуі қаржы нарығына айтарлықтай әсер етіп жатыр. Инвесторлар індеттің алдын алу шараларының қатаңдауынан қауіпті активтерін сатып құтылуға мәжбүр.
kommersant.ru