Еліміздегі 10 арнайы экономикалық аймақтың тек жартысы ғана тиісті инфрақұрылыммен қамтылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 10 арнайы экономикалық аймақтың тек жартысы ғана тиісті инфрақұрылыммен қамтылған

21.09.2017

Бүгін «Нұр Отан» партиясында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бес жылдығының жүзеге асу барысы жайлы партиялық тыңдалым өтті. Арнайы экономикалық аймақтарды құруға шамамен 330 миллиард теңге бөлінген, алайда, оларда жүзеге асып жатқан жобалар саны аз. Мысалы, Бурабай арнайы экономикалық аймағында бір ғана жоба жүзеге асқан және ол биыл жұмысын тоқтатпақ. Жиында проблемалық өндіріс ошақтары жайы да сөз болды. Индустрияландыру аясында қазір 17 жоба тұралап тұр. Атап айтсақ, Қостанай мен Шығыс Қазақстанда үш нысан, Ақмола мен Жамбыл облыстарында екі жоба тұрып қалған. Өзге де өңірлерде осындай өндіріс ошақтары баршылық. Партиялық тыңдалымда олардың қазіргі жай-күйі талқыланып, оның қортындысы бойынша Үкіметте арнайы ұсыныс жолданады.

 

  Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу