92 жастағы Роза әже «Чечевица» операциясын жылап отырып еске алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

92 жастағы Роза әже «Чечевица» операциясын жылап отырып еске алады

01.03.2020

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов инстаграм парағында чечендер мен ингуштардың кеңес өкіметі кезінде зорлықпен көшірілуіне орай жазба қалдырған. Депортация 1944 жылы ақпанның соңында болғаны мәлім. Дағыстандық Хабиб: «... Бәрін тауар таситын вагондарға тиеп болғанда, адамдар айғайлап, дүрліккен. Сонда бір ақсақал: «Адамдар, қорықпаңдар, бізді Алла жоқ жерге апармайды»,- деген. Осыдан кейін бәрі үндемей қалған».

Чечен-Ингуш АССР-нен адамдарды Қазақ және Қырғыз ССР-леріне 23 ақпан мен 9 март аралығында көшірген, «Чечевица» деп аталған операция кезінде жарты миллионнан 650 мыңға дейін адам жер аударылған. Көшу кезінде, алғашқы жылдары 100 мың чечен, 23 мың ингуш мерт болған. Екі ұлтта да әрбір төртінші адам... Ұлтаралық татулық тақырыбы енді бұрынғы ракурста қаралмайды. Бұл өзі көп қырлы қымбат тас сияқты, аса шеберлікпен жонса, «гауһар шығады», өйтпесе, күл-талқан болып сынады. Бұл бүкіл әлемде солай.

Біздің тілшіміз Нұр-Сұлтанда тұратын Роза Долгиевамен жолықты. 92 жаста. Сол 1944 жылы жер аударылған ингуш ұлтының өкілі. Қазаққа тұрмысқа шыққан. 7 баласынан 22 немересі бар.

Данияр ҚАЙЫРТАЙ


Хабарламаларға жазылу