Ол Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің халыққа есеп беруі кездесуінде тұрғындардан тазалаушыларға тіл тигізбеуді сұраған. Қаланың қардан аршылып бітпеуіне әрине, Татьяна және ол сияқты тазалаушылар кінәлі емес. Бір себебі – қаланы негізінен маңайдағы ауылдардың тұрғындары келіп тазалайды. Ал биылғы боранды қыста олар Нұр-Сұлтанға жете алмай қалып жүрді. Қазақтың келіні Татьянаны кейіпкер етіп, Саламат Омаш көше тазалаушылардың тіршілігі туралы портреттік-әлеуметтік материал дайындады. Ауыр әрі денсаулыққа зиян жұмыс істеп зейнетке асыққан әйелдердің «күтумен кешетін ғұмыры» жайлы.
Саламат ОМАШ