Бурабай мен Көкшетаудың қақ ортасында Абылай ханның ексерткіші орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабай мен Көкшетаудың қақ ортасында Абылай ханның ексерткіші орнатылады

28.02.2020

Бурабай мен Көкшетаудың қақ ортасында Абылай ханның еңселі ексерткіші орнатылады. Белгіленген орны 90 метр биіктіктегі жота. Ал монументтің өзі 50 метрден асады. Ерекше сәулеттің төменгі жағы музей-эскпозицияға берілмек. Алып ғимарат ғарыштан қарағанда анық көрінеді дейді мамандар. Жобаны жасауға халықаралық ашық байқау жарияланғалы жатыр. Әзірге, жалғыз нұсқасы бар. Монументті салуға мемлекет қаржысы жұмсалмайды. Ердің тұғырын ел болып көтеруді жоспарлап отыр. Тақта отырған хан тұрпатының құны 7 миллион доллар шамасында деген болжам бар.   

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу