Экономиканың әлсіреуі — кез келген ел дамуының тежелуі. Сондықтан короновирустан қауіптенген Сауд Арабиясы Қазақстанға туристік виза беруді доғарды. Бұл туралы Саудияның Қазақстандағы елшісі Абдуләзиз бен Абдулла Әл-Дәуід мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан коронавирустың ошағына айналған Қытайға жақын орналасқан. Айта кетсек, осыған дейін бұл корольдік әлемнің жиырма шақты мемлекетіне электрондық туристік виза беруді тоқтатты. Қасиетті Рамазан алдында Мекке мен Мединаға Қажылыққа баратындар саны күрт артады. Бұл – жұқпалы инфекцияның таралу қаупін де күшейтеді. Сондықтан мұсылман әлемін эпидемиядан қорғау мақсатында осындай уақытша шара қабылданып отыр.
Арыстан РЫСБЕК