Азия даму банкі еліміздің шағын коммуналдық кәсіпорындарын қаржыландыру талаптарын жеңілдетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия даму банкі еліміздің шағын коммуналдық кәсіпорындарын қаржыландыру талаптарын жеңілдетеді

18.09.2017

Бұл туралы банктің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли мәлімдеді. Азия даму банкі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жеке инфрақұрылымдық қор құруды ұсынып отыр. Қазіргі таңда қала, елді мекендердегі шағын коммуналдық кәсіпорындарға несие беру, инвестиция құю үлкен проблема болып тұр.

Басқа халықаралық қаржы институттары ұсынып отырған қызметтердің үстемақысы тым жоғары. Сондықтан, Азия даму банкі үкіметте жеке инфрақұрылымдық қор құруды көтеріп отыр.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу