Елордадағы этно-мәдени орталықтар қайырымдылық шарасын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы этно-мәдени орталықтар қайырымдылық шарасын өткізді

28.02.2020

Қолдан пісірілген тәттілер мен табиғи заттардан әзірленген түрлі бұйымдарды саудаға шығарып, онан түскен қаржыны науқас екі баланың ата-анасына табыстады. Ассамблея мүшелері еліміздегі тұрақтылықтың, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімнің баянды болғанын қалайды. Осыдан 25 жыл бұрын 1-наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Сондықтан осы күн барлық этнос өкілдерінің бір-біріне құрмет көрсететін,мейірімділік танытатын, бауырмал қазақ халқына алғыс айтатын жарқын мереке деп белгіленген.  

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу