2020 жылы әлемдік экономика 2,8 пайызға құлдырайтыны болжануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылы әлемдік экономика 2,8 пайызға құлдырайтыны болжануда

28.02.2020

«Беделді қаржы институттары 2020 жылы әлемдік экономика 2,8 пайызға құлдырайтынын болжап отыр». Бүгін, «Самұрық бизнес форумында» Үкімет басшысы Асқар Мамин осындай мәлімдеме жасады. Премьер-министрдің бұлай деуіне жаһанды шарпыған коронавирустың кесірі себеп. Сарапшылар «коронавирус – әлемдік экономиканы соңғы жылдары болмаған дағдарысқа әкеп соғуы бек мүмкін» дейді. Дағдарыс Қазақстанды да айналып өтуі екіталай. Қазірдің өзінде біздің негізгі сауда серіктестерімізде өсім қарқыны төмендеген. Сыртқы сұраныстың төмендеуі ширақ шараларды талап етпек. Бастысы өндіріс пен жұмыс орындарын сақтап қалу қажет. Жиналғандар «Самұрық-Қазына» қоры ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып отырғанын айтып өтті. Жыл сайынғы сатып алу көлемі 4 трлн теңгеге тақау.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу