Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда байланысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда байланысы

18.09.2017

Өткен аптада Президент Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Өзбекстанға барған еді. Мемлекет басшысы биыл осымен  5-ші рет көрші ел президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесіп отыр.

Биылғы 8 айда қос ел арасындағы сауда-саттық 1,3 миллиард доллар шамасында болды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 2 миллиардқа жетпек. Өйткені, екі ел арасында әуе, көлік, теміржол қатынасы реттеліп, шекара мәселесі оң  шешімін тапты. Сондай-ақ, 8 айда елдер арасындағы тауар айналымы 35 пайызға өсті. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу