Ғаламдағы ең күшті жарылыс тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғаламдағы ең күшті жарылыс тіркелді

28.02.2020
Ғаламдағы ең күшті жарылыс тіркелді

Астрономдар ғаламдағы Үлкен жарылыстан кейінгі ең күшті энергия жарқылын тіркеді. 

Жарылыс Жерден 390 млн жарық жыл қашықтықтағы аса ауыр салмақты қара құрдымда болды. Оның қуатының күшті болғаны сонша - айналасындағы шоғыр плазмасын тесіп өткен. Бұл қуысқа 15 Құс жолы галактикасы сыйып кетеді екен.

Ғалымдар мұны радиотелескоптар және әртүрлі толқынды сезетін құрылғылар арқылы байқаған. Әзірге жарылысқа не себеп болғаны белгісіз. Мамандар мұны жіті зерттемек.

lenta.ru

Хабарламаларға жазылу