Астрономдар ғаламдағы Үлкен жарылыстан кейінгі ең күшті энергия жарқылын тіркеді.
Жарылыс Жерден 390 млн жарық жыл қашықтықтағы аса ауыр салмақты қара құрдымда болды. Оның қуатының күшті болғаны сонша - айналасындағы шоғыр плазмасын тесіп өткен. Бұл қуысқа 15 Құс жолы галактикасы сыйып кетеді екен.
Ғалымдар мұны радиотелескоптар және әртүрлі толқынды сезетін құрылғылар арқылы байқаған. Әзірге жарылысқа не себеп болғаны белгісіз. Мамандар мұны жіті зерттемек.
lenta.ru