Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақыларына 50 пайызға дейін үстемеақы қосылады

27.02.2020

Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақыларына 30-дан 50 пайызға дейін үстеме ақы қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде біздің арна тілшілеріне Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді. Қазір қызу талқыланып жатқан заң нормасы, наурыз-сәуір айларында бекітілмек. Одан әрі үсетемге ниеттілер емтихан тапсыруға кірісе алады. Менеджментке қатысты сынақ екі кезеңмен өтеді. Бастапқыда мамандар тест тапсырса, кейін комиссия алдында мектеп көрсеткіштерін одан әрі ілгерілету бойынша жоспарын қорғайды.

Ләйлә ДУЛАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу