Елордада 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

27.02.2020

Такси қымбат, есесіне автобус тегін. Елордада 18-жасқа дейінгі балалар енді қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Жаңа тариф 28-ші наурыздан басталады. Сондай-ақ, алты санат бойынша жеңілдігі бар адамдар да қоғамдық көлікпен тегін қатынайды. Олардың қатарында зейнеткерлер, мүгедектер мен көп балалы отбасылардың мүшелері бар. Мамандардың сөзінше, бұл өзгерістен кейін тасымалдаушылар айына жалпы 30 миллион теңге табысын жоғалтуы мүмкін. Бірақ балалардың қауіпсіздігі үшін бәрі де келісім берген.

 Осындай жеңілдік жасалғанына қарамастан, өзге азаматтар үшін жол ақысы қымбаттамайтынын айтады мамандар. Дегенмен, наурыздың 28-нен бастап төлем жасаудың бірнеше жаңа түрі енгізілмек. Мәселен, енді 1 күндік, 3-күндік, 5-күндік, 15 күндік және үш айлық төлем карталары шығарылады.

Аманкелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу