СІМ Оңтүстік Кореядағы 35 мың қазақстандық үшін алаңдап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ Оңтүстік Кореядағы 35 мың қазақстандық үшін алаңдап отыр

27.02.2020

Ал Оңтүстік Кореяда індеттің ушығуына байланысты Сыртқы істер министрлігі осы елде жүрген қазақстандықтарға үндеу жолдап, сақ болуға шақырды. Қазір Кореяда 35 мың азаматымыз бар. Оның 12 мыңы заңсыз тұрып жатыр. Бірақ оған қарамай, елшіліктің консулдық бөліміне хабарласуларын сұрады. Консул азаматтарды күн сайын және үзіліссіз қабылдайтынын айтты министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров. Айта кетейік, Қазақстан наурыздан бастап Оңтүстік Кореяға әуе рейстерін азайтады.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу