Е.Біртанов коронавирустың біздің елге де таралу қаупі бар екенін айтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Біртанов коронавирустың біздің елге де таралу қаупі бар екенін айтады

27.02.2020

Қытайдан таралып, бүгінде 50-ге жуық елге таралған короновирус, бізге де келуі ықтимал. Бұл қауіпті еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жоққа шығармайды. Дәл қазіргі уақытта Қазақстан бойынша жағдай тұрақты.

Коронавирустың Қазақстанға қауіп тудырып тұрған себебі, жұқпалы індет бірнеше елге тез тарап кетті. Әсіресе бірінші санаттағы елдердің қатарына кірген Оңтүстік Кореядағы жағдай қатты алаңдатып отыр. Себебі ол жақта 30 мыңан аса қазақстандық бар.

Қазір елімізде сақтық шаралары күшейді. 6 қаңтардан бастап Қытайдан келген 24 464 адам дәрігерлердің жіті тексеруінен өтті. 24 331 -і мониторингтен шығарылды. Ал дәл қазір аспан асты елінен келген 185 жолаушы карантинде жатыр. Олар бірінші санатқа жатады. Екінші санат бойынша 235 адам бақылауда. Ал үшінші санатқа кіретін 1401 тұрғынға дәрігерлер телефонмен хабарласу арқылы жағдайын бақылап отыр. Ауруханаларда 5690 инфекциялық орын бар. 3441 карантин үшін дайындалды. Қосымша 3404 орын бар.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу