Елімізде Арнайы экономикалық аймақтарда инвесторлар үшін жеңілдіктер енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Арнайы экономикалық аймақтарда инвесторлар үшін жеңілдіктер енгізіледі

15.09.2017

Оған сай, кәсіпкерлер жер телімдерін «бір терезе» қағидасы бойынша алады. Яғни, уақыт үнемделеді. Инвестициялар және даму министрлігінде өткен жиында «Арнайы экономикалық аймақтар» туралы заңға өзгеріс енгізілетіні туралы айтылды. Ол мақұлданса, кірісі 90 пайыздан аспаған инвесторлар бұрынғыдай салықтық жеңілдіктерден қағылмайды. Сонымен бірге, Индустриалды аймақтар туралы жеке заң қабылданады. Осы арқылы шағын және орта кәсіп үшін де жер телімдерін беру және салық режимі жеңілдетілдемек. Бұл өзгерістер ел экономикасының дамуына, инвестицияның артуына септігін тигізеді. Елімізде 10 арнайы экономикалық аймақ бар. Олардың өндіріс көлемі - 1,4 трлн. теңге. Ал, 2 индустриалды аймақта 7700 жұмыс орны ашылған. 

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу