Елімізде шеру, пикет секілді бейбіт жиындарды өткізуге рұқсат беретін арнайы өкілетті орган құрылуы керек. Заң жобасын талқылауға байланысты Шымкент қаласында өткізілген жиын кезінде «Азаматтық альянс» қауымдастығы өкілдері осындай ұсыныс айтты. Олар мұндай құрылымның жасақталуы көпшілік жиындарды ұйымдастырушылардың жауапкершілігін арттырады деп есептейді. Сондай-ақ бейбіт шерулерді өткізуге байланысты әзірленіп жатқан заң жобасына шеру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, адам өміріне қауіп тудырмауға, сантиралық талаптарды бұзбауға міндеттейтін нормалар енгізіліп отыр.
Ғани Қалмаханов