Өскемен маңына апаттық жағдайда қонған ұшақтағы екінші пилот дәрігерлер бақылауында. Мамандардың айтуынша, оның бұғанасы зақымданған. Қазір жағдайы қалыпты. Кеше Шығыс Қазақстанда Ан-2 ұшағының қозғалтқышынан ақау шығып, Прапорщиково ауылының маңына мәжбүрлі түрде қонғанын айтқан болатынбыз. Адамдар зардап шекпеді. Санитарлық авиацияның дәрігерлері Тарбағатай ауданынан 4 айлық баланы Өскеменге әкелу үшін жолға шыққан болатын. Кейін белгілі болғандай , нәрестені облыс орталығына көлікпен жеткізу шешімі қабылданды.
Берік КӨШЕРБАЙ