Павлодар облысында 19 жасар мұғалімді зорлаған күдікті қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 19 жасар мұғалімді зорлаған күдікті қолға түсті

27.02.2020

ІІ курс студенті Аққулы ауданы, Майқарағай елді мекеніндегі мектепке тәжірибеден өтуге келген. Ол алғашқы жұмыс күні аяқталған соң, кешкілік мектепке қайта барған. Алайда, жолай 30 жастағы ер адам қуып жетіп, күш көрсеткен. Бойжеткенді қорлаған қаскүнем көрші ауылға барып тығылған жерінен қолға түсті. Ол бұрында зорлау және мал ұрлығына қатысты қылмыстық әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған. Бірақ сотта ақталып, босап шығыпты. 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу